1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстандық еркін күрес балуаны Камиль Куруглиев әлем чемпионатының финалында өзбекстандық Шерзод Поеновке есе жіберді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионатында 92 келіде финалға дейін үш қарсыласын айқын жеңген Камиль шешуші сәтте 2:3 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.
Жерлесіміз 1/8 финалда АҚШ балуаны Роберт Мирасоланы 7:5 есебімен жеңсе, ширек финалда грузин балуаны Теймураз Кочкианиді 12:2 есебімен қапы қалдырды. Ал финалға шығар жолда әзірбайжандық Анар Жафарлиден 9:6 ұпайымен басым түскен еді.
Айта кететін жайт, Камиль Куруглиев келесі айда Хорватияда ересектер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысады. Ұлттық құраманың бапкерлер құрамы оны 92 келіде ел намысын қорғайды деп сенім артып отыр.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?