Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБұрынғы танымал футболшы, бүгінде Камерун футбол федерациясының президенті Самуэль Это’О өз ұйымынан 600 мың доллар ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аңызға айналған камерундық футболшыға қаржы жымқырды және ақшаны заңсыз жолмен айналымға енгізді деген айып тағылып отыр. Бұл қаражат 2023 жылғы 10 маусымда АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен Камерун мен Мексика арасындағы жолдастық матчтан кейін ұлттық құраманың ойыншыларына сыйақы ретінде төленуі тиіс болған. Алайда футболшылар уәде етілген ақшасын алмаған.
Самуэль Это’О 2021 жылдан бері Камерун футбол федерациясын басқарып келеді. Оған қатысты АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросына (FBI) және Әділет министрлігіне ресми шағым түсірілген.
Айта кетейік, «Реал», «Барселона» және «Интер» клубтарында өнер көрсеткен бұрынғы футбол жұлдызы соңғы уақытта даулы жағдайға байланысты жұрт назарына жиі түсіп жүр.
Мәселен, 2024 жылғы қыркүйекте FIFA оған Камерунның ерлер және әйелдер құрамаларының матчтарына қатысуға тыйым салған, бұған оның дөрекілік танытуы себеп болған.
Сондай-ақ 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионатында Самуэль Это’О бір жанкүйерге күш қолданғаны үшін сынға ұшыраған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары