12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікКамбоджаның солтүстігінде қолтырауын өсіретін фермерді 40-қа жуық бауырымен жорғалаушы талап тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті полицияның мәліметінше, 72 жастағы Луан Нам жануарлардың бірін торынан шығаруға тырысқанда жыртқыш таяғынан тістеп, ішке кіргізіп алған. Полиция басшысы Мей Саври Франс Пресс агенттігіне басқа қолтырауындар оған өлгенше шабуылдағанын жеткізді.
Оқиға кеше Сием-Рип қаласының маңында болған. Шаруа Нам мырзаның денесі әбден таланған және оның бір қолынан айырылды. Сондай-ақ, ол елдің қолтырауын өсірушілер қауымдастығының президенті міндетін атқарып келген.
2019 жылы әлемге әйгілі Ангкор Ват ғибадатханасына жақын орналасқан аудандағы осындай фермада екі жасар қызды қолтырауындар өлтіріп, жеп қойған еді. Жануарлар жұмыртқа, терісі және еті үшін оңтүстік-шығыс Азия елінде өсіріледі.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер