Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКальций тек сүйек пен тістің саулығын сақтау үшін ғана емес, қанның ұйып қалмауына және жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуінде де маңызды рөл атқарады. Бұл туралы Forbes Health мақаласында айтылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алайда соған қарамастан, тұрғындардың көпшілігі бұл минералды жеткілікті мөлшерде алмайды. Диетолог Джона Бурдеос кальцийге бай өнімдерге тоқталды.
Грек йогуртында да, кәдімгі йогуртта та кальцийдің мол көзі бар. Бір порциясында шамамен 197 миллиграмм кальций бар. Йогуртты жеміс-жидек араластырып жеуге, салаттарға немесе соус ретінде пайдалануға болады.
Сүттің кальцийге бай екені бұрыннан белгілі. Бір кесе сүтте 325 миллиграмм кальций кездеседі. Айта кетерлігі, кальций өсімдік негізіндегі баламаларда да бар, мысалы, бадам немесе соя сүтінде.
Піскен соя бұршақтарының бір порциясында 261 миллиграмм кальций бар. Сонымен қатар, олар ақуызға да бай. Сояны сорпаға, гарнирге немесе салатқа қосуға болады. Ал соядан жасалған тофу да кальцийдің жақсы көзі.
Балықта кальцийден бөлек те пайдалы минералдар аз емес. Дегенмен кальцийге бай түрлерінің ішінде консервіленген албырт (лосось) пен сардиналарды ерекше атап өтуге болады. Оларды салатқа қосуға немесе түрлі пайдалы тағамдарға пайдалануға болады.
Чиа – әмбебап әрі құнарлы өнім. Ол кальцийге ғана емес, басқа да пайдалы заттарға бай. Оны йогуртқа, сұлы ботқасына немесе смузиге қосып тұтынуға болады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады