12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада кафеден үйіне қайтып бара жатқан тұрғынды көшеде белгісіз жігіт тонап кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға жәбірленушінің өзі хабарласқан. Айтуынша, оқиға кафеден шығып, Дүкенұлы көшесінің бойында үйіне қайтып бара жатқан сәтте болған. Оған бір жас жігіт келіп, ұялы телефонын беруін талап еткен. Артынша беруден бас тартқан жәбірленушіні ұрып-соғып, «iPhone» маркалы ұялы телефонын тартып алған.
Оқиға:
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталған. Ол ұрланған телефонды көшеде кездесоқ кетіп бара жатқан адамға сатып үлгеріпті. Полицейлер ұрланған телефонды заңды иесіне қайтарды.
Елорда полиция хабарлауынша, қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті жас жігіттің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер