Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАуғанстан астанасы Кабул аса ауыр дағдарыстың алдында тұр. Қаладағы су қоры азайып барады. Бұл жағдай 4 миллионнан астам тұрғынға қауіп төндіріп, Кабулды судан тапшылық көрген алғашқы заманауи астанаға айналдыруы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Су тапшылығының себептері
Гуманитарлық «Mercy Corps» ұйымының есебіне сәйкес, Кабулдағы су дағдарысына бірнеше фактор әсер еткен:
Ұйым сарапшылары бұл мәселе соңғы онжылдықтар бойы ушығып келе жатқанын айтады. Әсіресе 2021 жылдың тамызынан бастап Ауғанстанға гуманитарлық қаржының қысқаруы жағдайды одан сайын қиындатқан.
Егер су ресурстарын басқару жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасалмаса, алдағы он жылдықта, тіпті одан ертерек Кабулды бұрын-соңды болмаған гуманитарлық апат күтіп тұр, - делінген есепте.
Бұл зерттеу БҰҰ деректеріне негізделген. Сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай Кабулдағы жерасты су қоры толық сарқылуы мүмкін, өйткені қазірдің өзінде құдықтардың жартысына жуығы құрғап қалған.
Бүгінде қала халқы пайдаланатын судың жылдық көлемі табиғи қордың қайта толысуынан шамамен 44 млн текше метрге артық. Кейбір отбасылар кірісінің 30%-ына дейін тек суды сатып алуға жұмсап отыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары