2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайФутболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты алғашқы рет 48 құраманың қатысуымен өтіп жатыр. Турнир басталмай тұрып жаңа форматқа күмәнмен қарағандар аз болған жоқ. Кейбір сарапшылар матчтардың сапасы төмендейді, әлсіз командалар көбейеді, плей-оффқа лайық емес құрамалар шығады деген пікір айтты. Алайда турнирдің алғашқы кезеңдері бұл күмәндердің көпшілігін жоққа шығарды. Соның ең жарқын дәлелі – Кабо-Верде құрамасының тарихи жорығы.
Халқы небәрі 530 мың адам болатын арал мемлекеті әлем чемпионатына алғаш рет қатысып қана қоймай, бүкіл футбол әлемінің сүйіспеншілігіне ие болды.
Топтық кезеңде Кабо-Верде ешкім күтпеген нәтижелер көрсетті. Алғашқы турда Еуропа чемпионы Испанияны 0:0 есебімен тоқтатты. Көпшілік мұны жай ғана сәттілік деп қабылдаған еді. Бірақ кейін олар Уругваймен және Сауд Арабиясымен тең түсіп, бірде-бір рет жеңілмей, өз тобында екінші орын алып, плей-оффқа шықты.
Бұл кездейсоқ нәтиже емес екені анықталды. Кабо-Верде тәртіпті қорғанысымен, ұйымшыл ойынымен және мінезімен әлемнің ең мықты құрамаларына қарсы тең дәрежеде ойнай алатынын дәлелдеді.
Испаниямен кездесу Кабо-Верде үшін үлкен сынақ болды.
Испандықтар матч бойы толық басымдық танытып, көптеген қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Допқа иелік ету көрсеткіші мен соққылар саны бірнеше есе артық болды. Бірақ Кабо-Верде футболшылары ерекше ұйымшылдық көрсетті.
Команданың басты қаһарманы – 40 жастағы қақпашы Возинья болды. Ол бірнеше керемет сейв жасап, Испания шабуылшыларының барлық мүмкіндігін жоққа шығарды.
Осы ойыннан кейін тәжірибелі голкипер әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды. Бұған дейін оны футбол жанкүйерлерінің аз ғана бөлігі білсе, бірнеше күн ішінде миллиондаған адам оның өнеріне тәнті болды.
Әлем чемпионатының ең есте қалған тұлғаларының бірі дәл осы Возинья болды.
40 жастағы қақпашы тек сенімді ойынымен ғана емес, ерекше сабырлы мінезімен де көпшіліктің ықыласына бөленді. Ол қарсыластардың прессингінен қорықпай, бірнеше рет шабуылшыларды алдап өтіп, жанкүйерлерді таңғалдырды.
Аргентинаға қарсы кездесуде ол:
Кездесуден кейін статистикалық порталдар Возиньяны Кабо-Верде құрамасының ең үздік ойыншысы деп таныды.
Плей-оффта Кабо-Вердеге қазіргі әлем чемпионы Аргентина қарсылас атанды.
Көпшілік бұл матчта оңтүстікамерикалықтардың ірі есеппен жеңетініне сенімді болды. Бірақ алаңдағы жағдай мүлде басқаша өрбіді.
29-минутта Лионель Месси есеп ашты. Лисандро Мартинестің ұзын пасын тамаша қабылдаған капитан қақпаның жақын бұрышын дәл көздеп, өзінің әлем чемпионаттарындағы 20-голын соқты.
Дегенмен Кабо-Верде берілмеді.
59-минутта Дерой Дуарте таразы басын теңестіріп, матчты қайта жандандырды.
Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, ойын қосымша уақытқа ұласты.
92-минутта Лисандро Мартинес Аргентинаны екінші рет алға шығарды.
Бірақ арал құрамасы тағы да жауап қатты. 103-минутта Сидни Лопеш Кабрал айып алаңының шетінен керемет айналдыра соғып, таразы басын теңестірді. Бұл гол сөзсіз әлем біріншілігіндегі үздіктердің бірі болуы тиіс.
Алайда 111-минутта аргентиналықтардың бұрыштамасынан кейін қорғаушының соққысы рикошет арқылы қақпаға еніп, Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Матчтың соңғы минуттарында Кабо-Верде есепті теңестіретін бірнеше тамаша мүмкіндікке ие болды. Егер сәл ғана жолы болғанда, олар қазіргі әлем чемпиондарын жарыстан шығарып жіберуі де мүмкін еді.
Бұл турнир Кабо-Верде үшін тарихи болды.
Олар:
Команда құрамында Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін Кевин Ленини («Краснодар») мен Жилсон Беншимол («Акрон») да болды. Ленини топтық кезеңде Уругвай қақпасына айып добынан тамаша гол соғып, турнирдің ең әдемі голдарының бірін авторы атанды.
1/16 финалда Египет Аустралиямен кездесті.
Алғашқы таймда Эмам Ашурдың голы африкалықтарды алға шығарды. Бірақ екінші таймда қорғаушы Мұхамед Хани өз қақпасына гол соғып, есеп теңесті.
Бұл Ханидің турнирдегі екінші автоголы болды. Осылайша ол әлем чемпионаттары тарихында екі мәрте өз қақпасына доп енгізген екінші футболшы атанды.
Қосымша уақытта есеп өзгермеді.
Пенальти сериясында мысырлықтар 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Команданың басты жұлдызы Мұхамед Салах шешуші соққысын әйгілі «Паненка» әдісімен орындап, жанкүйерлерді тәнті етті.
Осы жеңіс арқылы Египет өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Тағы бір 1/16 финалдық кездесуде Колумбия Гананы 1:0 есебімен жеңді.
Матчтағы жалғыз голды 14-минутта Джон Ариас соқты.
Ойын барысында «Краснодардың» шабуылшысы Джон Кордоба жарақат алып, ерте ауыстырылды. Соған қарамастан колумбиялықтар матчты толық бақылауда ұстап, қарсыластарына бірде-бір дәл соққы жасауға мүмкіндік берген жоқ.
Енді Колумбия 1/8 финалда Швейцариямен кездеседі.
1/8 финалдың жұптары (Астана уақытымен)
2026 жылғы әлем чемпионаты жаңа форматтың дұрыс шешім болғанын дәлелдей бастады.
Плей-офф кезеңіне бұрын әлемдік аренада үлкен жетістікке жете алмаған құрамалар шықты. Кабо-Верде, Египет, Марокко секілді командалар жанкүйерлерге ұмытылмас эмоция сыйлады.
Әлем чемпионаты бүгінде тек ең мықты құрамалардың жарысы ғана емес, бүкіл әлем халықтарын біріктіретін футбол мерекесіне айналып келеді. Қатысушылар санының артуы жаңа мемлекеттердің өзін көрсетуіне мүмкіндік берді.
Кабо-Верде соның ең айқын мысалы болды. Халқы жарты миллионға да жетпейтін мемлекет әлем чемпиондарын жеңуге шақ қалып, бүкіл әлемді өзіне қаратты. Олар турнирден жеңіліп кеткенімен, футбол тарихында өз есімдерін алтын әріппен жазып қалдырды.
Егер әлем чемпионаты дәл осындай драмалық кездесулер мен күтпеген нәтижелерге толы бола берсе, 2026 жылғы мундиаль тарихтағы ең қызықты және есте қаларлық турнирлердің бірі ретінде бағаланары сөзсіз.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат