2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБиылғы ақпан айында Талдықорған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тыңдаулар жабық режимде өтті. Іс ҚК-нің 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша қаралды.
Тағылған айыптарға сәйкес, 2023 жылғы 12 қарашада Күштібаев Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарып жүргенде полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда, өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған. Істің мән-жайлары заңға сәйкес жарияланбайтындықтан, іс жабық сот отырысында қаралды, - делінген хабарламада.
Сот үкімімен Күштібаев ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
ҚК-ның 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Күштібаев "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы қарашада Талдықорған полиция басшысына 27 жастағы әйелді зорлады деген айып тағылды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова