2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАғымдағы сәтте дизель отынын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына тиеп-жөнелту график бойынша жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні күзгі жиын-терін жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына мұнай өңдеу зауыттарында 1 тоннасы үшін 222 мың теңге (184 теңге/литр) бағасы бойынша 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, бұл өңірге байланысты бөлшек сауда бағасынан орта есеппен 15-25% - ға төмен.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу нарығын реформалау бөлігінде мынадай шаралар пысықталуда:
- байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, жанар-жағармай материалдарға деген қажеттілігін көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;
- отын тарату үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мұнай базаларынан немесе ресурс ұстаушылардан мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс