Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр1 қыркүйектен бастап елімізде күзгі әскерге шақыру кезеңі басталды, деп хабарлайды EL.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл науқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылғы наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес ұйымдастырылады.
Облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жергілікті атқарушы органдар әкімдері орынбасарларының басшылығымен жұмысқа кірісіп кетті. Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Алдағы төрт ай ішінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатары 18-27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық жаңа буынмен толықпақ. Оның ішінде 8 мыңға жуық жас Қарулы күштердің қатарына қосылып, 6 мыңнан астам бозбала Ұлттық ұланға, 3 мыңнан астам адам Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 300-дей жас Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне және 100-ге жуық азамат Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады.
Әскерге шақыру SMS-хабарламалар немесе үйіне және жұмыс орындарына дербес шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл шараларды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, оның іске асуын қамтамасыз етеді. Облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары әскерге шақыру комиссияларын басқарады. 7 қыркүйектен бастап жаңа құрамалар жинау пункттерінен әскери бөлімдерге жіберілетін болады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова