Көршілердің достастығы

20 Маусым 2018, 10:10 1384

Ресейдегі «Халықтар достастығы – Ресейдің бірлігі» Қорған облыстық ұлттық спорт және мәдениет фестиваліне Қостанайдан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Бибигуль Аккужина, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Каламкас Сандыбаева, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Айдар Хусаинов, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ музыкалық жетекшісі Светлана Обухова қатысты.

Мейрам иелері Қазақстаннан келген көршілерін қуанышпен қарсы алды. Оларға арнайы ұлттық аспаптар мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Содан кейін қостанайлықтар Қорған облыстық ұлттық-мәдени автономиясының Зауралья қазақтарында қонақта болып, қазақ тілі пәнінің оқытушысымен таныса келе, жұмыс барысында қолданатын әдістерін тамашалады.

Артынша Қостанайдан келген қонақтар Орталық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік іс-шараларға қатысты. Онда қорғандықтар көрермендерді Зауральеде тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырды.

Облыстық ұлттық мәдениет және спорт фестивалі шеруден басталды.

Зауралье татулық пен бейбітшілікте тұратын жүзден астам ұлт өкілдерінің мекені екенін айтып, Қорған облысының губернаторы Алексей Кокорин құттықтау сөзін жеткізді.

Қостанайлықтар өз тарапынан ізеттілік белгісі ретінде көршілеріне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың құттықтау хатын тапсырды. Сондай-ақ Бибігүл Аққожина Қостанай облыстық ҚХА-ның атынан Зауралья халықтар Ассамблеясының төрағасына алғыс хат табыс етіп, Светлана Обухова бірнеше әдемі ән орындады.

Мерекеде ұлттық бірлестіктердің өкілдері қорғандықтарды өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстырып, тәтті тағамдарынан ауыз тигізді. Әзірбайжандар қонақтарына долма, люля-кебаб, анар шырынын ұсынды. Ал Зауралья қазақтары барлық қонақтарды киіз үйге шақырып, бауырсақ ұсынды.

Мереке күндікке жалғасып, орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында Зауральеде тұратын халықтардың әні шырқалып, бишілер шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Бөлісу: