23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапарына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz.
«Бүгін елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келді. Бұл оның пандемиядан кейінгі шетелге жасаған алғашқы сапары. Президент Қытай басшысын әуежайда өзі күтіп алып, құрмет көрсетті. Кейін «Ақордада» кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз өтті. Кездесу барысында көлік-логистика, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларының мәселелері мен трансшекаралық өзендер жайы талқыланды. Президент Қазақстан мен Қытай арасында жаңа «алтын 30 жылдық» кезең басталды деді. Бұл мәлімдеме екі ал арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде екеніне дәлел. Себебі халықаралық дипломатияда әрбір сөздің құны бар», - деп жазды Баспасөз хатшысы өзінің Facebook парақшасында.
Сондай-ақ ол екі ел арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосқаны үшін Президент ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттағанын атап өтті.
Өз кезегінде Қытай басшысы «Қытай Қазақстанмен қарым-қатынастарға ерекше мән береді. Біз қандай жағдай болса да, Қазақстанның тәуелсіздігін, мемлекеттілігін, территориялық тұтастығын сақтауына қолдау білдіреміз. Қазақстан мен Қытайдың достығы жаңа деңгейге шығатынына кәміл сенемін» деп елімізге құрметін көрсетті.
«Бүгінгідей күрделі геосаяси жағдайда көрші елдермен ынтымақта, достық байланыста болу аса маңызды екені даусыз»,-дейді Руслан Желдібай.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік