Көрмеге атақты белорусь фотографының жұмыстары қойылды

9 Қыркүйек 2016, 13:00

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Беларусь Елшілігінің қолдауымен «Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен Көлеңке» атты көрмесі ашылды.

Аталмыш іс-шара «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасының аясында ұйымдастырылды. Көрме Беларусь Респубикасының Ұлттық тарихи музейімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің 2015 жылдың қазан айынан бекітілген ынтымақтастық туралы меморандум шеңберіндегі бірлескен жобалардың алғашқы жемісі болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдық мерейтойына орай, республикалар арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған.  Ұйымдастырушылардың айтуынша көрмеге фотографтың ең танымал жұмыстары қойылған.

Наталья Мартынова, Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейінің ғылыми қызметкері:

— Бұл біздің алғашқы бірлескен жобамыз. Лев Дашкевич тек қана фотограф қана емес, публицист, педагог, ғалым және өнертапқыш болған. Алайда, біз бүгін көрмеге оның фототуындыларын алып келді.  Лев Дашкевичтің үлкен сезімталдығы таңғалдырады. Ол жұмыстарында Беларусь өлкесінің жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдарын асқан шеберлікпен көрсеткен. Жарық пен көлеңкені өте ұтымды пайдаланған. Көрменің атауыда осыған байланысты.

«Лев Дашкевичтің фотосуреттері. Жарық пен Көлеңке» атты көрмесі Беларусь Респубикасының ұлттық тарихи музейінің кешенді ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі. Музейдің жазба және бейнелеу дереккөздері бөлімінің меңгерушісі Надежда Савченка 1923 жылы басылған фотографтың монограмма авторы екенін дәлелдей алған. Музейде Лев Дашкевич 1910 және 1950 жылдар аралығында жасалған 39 фотосурет ұсынылды. Көрме 6 қазанға дейін жалғасады.  


Алмас САУДАНБАЙ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Бөлісу: