23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына тура бір жыл толды.
Бірлестік төрағасы Умар Шоназаров атқарылған жұмыстар туралы есептік баяндама жасады.
Көкшетау қаласының Достық үйінде жиналған тәжік ақсақалдары, кәсіпкерлер, ҰМО жанындағы «Тоджи-Сомон» жастар қанатының өкілдері жақын арадағы міндеттерді межелеп, талқылады.
Тәжік бірлестігінің белсендісі Мамлакат Джабборова бір ауыздан «Санги-Кабуд» ҰМО жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы болып сайланды.
«Санги-Кабуд» ұлттық-мәдени орталығы төрағасының орынбасары, белгілі журналист Саламедин Мирзорахматовтың оқыған баяндамасы жиналғандардың қызығушылығын тудырды.
Орталықтың ағымдағы жылғы желтоқсан айының екінші бөлігіне жоспарланған маңызды іс-шараның бірі – «Тәжікстан – Қазақстан: көпжылдық достық және стратегиялық әріптестік» атты конференция.
«Санги-Кабуд» ҰМО дамытуға қосқан үлестері үшін Орталық белсенділері ҚХАА хатшылығының алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік