13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызКөкшетау қаласының поляктар этномәдени бірлестігі «Жақсылық жолымен» акциясы аясында Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арналған «Cristmas Party» қайырымдылық акциясы мен мерекелік «Рождестволық хикая» іс-шарасын ұйымдастырып өткізді.
Поляк бірлестігі жастар қанатының мүшелері төртінші жыл қатарынан Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арнап театрландырылған көріністер қойып, жұмсақ ойыншықтар, тәтті сыйлықтар үлестіруде.
Бұл жолы да тәрбиешілерімен бірге қонақжай Достық үйіне келген 18 бүлдіршін концерттік бағдарламаны тамашалып, Аяз атаның жаңажылдық сыйлықтарын алды.
Сонымен қатар, 2018 жылы атқарған қарқынды жұмыстары үшін поляк орталығының белсенділері және «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің оқытушылары мен оқушылары алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды.
ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, поляк ҚБ төрағасының орынбасары Людмила Суховецкаяның жетекшілігімен бірлестік өкілдері сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды