2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрКөкшетау қаласының Абылайхан алаңында Наурыз мейрамын атап өтуге арналған мерекелік іс-шара көптеген көкшетаулықтарды, қала қонақтарын «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы» атты жазуы бар әдемі маңдайшамен безендірілген киіз үйдің жанында жинады.
Бұл күні облыстық ассамблеяның қонақжай киіз үйінде әр түрлі этностардың өкілдері ұлттық тағамдар дайындап, балалар сыйлыққа тәттілерге толы қоржындар алды. Барлық қалаған жандар бесбармақ пен ыстық бауырсақтан, наурыз көжеден, түрлі ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік алды.
Киіз үйдің жанында ұйымдастырылған облыстық ҚХА-ның жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағы мүшелерінің шығармашылық бұйымдары, экспонаттар көрмесі тұрғындардың назарын еріксіз өзіне аударды.
Кілемге жай,асқан қазақтың ұлттық киіміндегі шебер-әйелдер (кимешек, жаулық таққан) киіз басу, ұршық иіру, иірімжіпті өңдеу бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастырды, көпшілік қауымды қамыстан тоқу процесімен, гобелен дайындаумен таныстырды.
Көкшетау қаласы Достық үйінің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынса, театрландырылған қойылым қазақ халқының салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Киіз үйге бет бұрған қонақтарды «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова домбыраның сүймелдеуімен орындалған ән шашумен қарсы алды.
Бұл күні барлық қалаған жандар үшін «асық ату», қол күрес, қазақша күрес сынды спорттық ойындардан сайыстар өткізілді.
Ақмола ассамблеясының, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерін облыс әкімі Ермек Маржықбаев мерекемен құттықтады.
Оқи отырыңыз:
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова