23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Қоғамдық келiсім» сарайында ҚХ Ақмола ассамблеясы активі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахмановпен кездесті.
Достық үйінің залы облыстың этномәдени бірлестігінің, ҚХ Ақмола ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың төраға-төрайымдары мен оның мүшелеріне толы болды.
Кездесуді ашқан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының меңгерушісі Ринат Галлямов осы басқосу Қазақстан Республикасы президенті Н.А. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі аясында өтіп жатқанын және аталмыш бастамаларды кеңінен талқылауды көздейтінін атап өтті.
Сауытбек Абдрахманұлы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне тоқталып, жан-жақты түсіндірді. «Қазақстанның едәуір жетістігі қоғамымыздың топтасуы мен Ұлт көшбасшысының бүкілхалықтық қолдауы арқасында мүмкін болды», - деді ол.
Сондай-ақ Сауытбек Абдрахманов «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға енгізілмек негізгі өзгерістер туралы әңгімеледі.
Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сауалдарына Мәжіліс депутаты тарапынан тұщымды жауаптар алды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады