23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Көкшетау қаласындағы Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен «Халықтық билер калейдоскобы» фестивалі үлкен мерекеге ұласты.
Ұжымдардың кәсіби өнер көрсетулерінің арқасында барлық қонақтар алыс елдерге саяхат жасағандай әсер алды. Тәжік биі көркем табиғаты бар қонақжай ел туралы «баяндады».
«Полонез», «Мазур», «Коломайки» поляк билерін тамашалай отырып, көрермен қауым орта ғасырларға тап болғандай күй кешті. Бидің бөлінбес бөлшегі саналатын желдеткіш арқылы жиналған жұрт таңғы самал елінде болып қайтты.
Ал жалынды әрі ырғақты инғұш билері көпшілікті солтүстік Кавказ тауларынан бірақ шығарды.
«Поляне», «Этно» және «Мөлдір» би топтарының жас бишілері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, ең жас бишілердің орындауындағы «Царевны» және «ДО-РЕ-МИ» билері және еврей, чуваш, әзірбайжан билері де көрермендердің есінде қалды.
«Бидің адам бойына сыйлайтын таңқаларлық қуаныш сезімін, өмірге деген құштарлық және сүйспеншілік сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бақытқа апарар қысқа жолдар бар, би – солардың бірі», - деген бір данышпанның бидің күші туралы сөзі бекер айтылмаса керек.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік