23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған «Шашу» қайырымдылық акциясы шеңберінде Көкшетау қаласының «Қоғамдык келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіре емдеу облыстық ауруханасының емделушілерімен тілдесіп қайтты.
Көкшетау қаласы Достық үйінің директоры Манат Исмагулов ауруханада ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналарымен өткен бұл кездесуде облыстық ассамблеяның жұмысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» іс-шарасы туралы айтып берді.
Сондай-ақ, биыл қазақ халқының дәстүрлері негізінде қайырымдылық іс-шараларының күнтізбесі жасалып, іске асырылуды. Ай сайын өтетін барлық қайырымдылық шаралардың өз атаулары бар. Мысалы қаңтар айында «Сарқыт», ақпанда – «Сыбаға», наурызда – «Шашу», сәуірде - «Асар» және тағы басқалар.
Акция шеңберінде алпыстан астам емделуші балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясы әзірлеген тәтті сыйлық пакеттері үлестірілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік