2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрКөкшетау қаласында «Достар» мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мұрындық болуымен облыстық этномәдени бірлестіктер арасында «Ақмола жұлдыздары» көрме-байқауы өтті.
Түрлі этномәдени бірлестіктер мен Көкшетау қаласы Достық үйінің көркемөнерпаз әртістері көпшіліктің ықыласына бөленіп, көрмені тамашалауға келген көрермендерді ерекше күйге бөлеп тастады.
Атап айтар болсақ, «Этно» ансамблі «Царевна» және «До ре ми» хореографиялық қойылымдарын көпшілік назарына ұсынса, Достық үйінің «Мөлдір» би ұжымы «Веснушки», «Йолдыз», тәжік және еврей биімен ерекшеленді, ал татар-башқұрт ансамблі «Шаш уру» биімен, «POLONIE» фольклорлық ансамблі «Буйницкий» және «Коломайки» биімен көрменің сәнін келтірсе, «Хербок» ансамблінің мың бұралған бишілері көрермендерді корей биімен тәнті етті.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласы Достық үйі вокалдық студиясының дуэті Олеся Цыганова мен Анастасия Ушакова «Конь» және домбыра ансамблі «Дастархан» әндерін орындау арқылы көрермендерді бір серпілтіп тастады.
Сонымен қатар аталмыш іс-шарада облыстық Өзбек ұлттық орталығынан Индира Нұралиева, облыстық Әзірбайжан қауымдастығынан Алсу Патрушева, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығынан Шерзод Тиллоев, «Бари» армян мәдени орталығынан қатысқан Эми Погосян секілді өнерпаз жандар өз өнерлерін ортаға салды.
Бұған қоса холлда Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көпшілікке өз туындыларын ұсынғандардың арасында Альбина Байковская, Үкіжан Ементаева, Кенжебай Смағұл, Людмила Суховецкая, Гүлнар Орынбаева және Марина Бойченколардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Көрме барысында сөз алған Көкшетау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова қатысушылардың киім үлгілері мен өнерлері арқылы көңілге қуаныш сыйлап, шаттық ұялататындығын атап өтті.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова