Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Көкшетаудағы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Бари» армян мәдени орталығы Астхик әйел құдайының құрметіне арналатын Трндез мерекесін атап өтті.
Оның басты кейіпкерлері – жас жұбайлар мен ғашық жұптар. Табиғат енді оянып, көктем келердің алдында махаббаттары жаңа өмірдің бастамасы мен жалғасын білдіретін, жаңа жұптар құрылады.
Көшеде арнайы мерекенің басты ерекше белгісі – алау жағылды. Жиналған жұртшылық түрлі тәттілер, бидай және тары дәндерінен дәм татып, халық әуенінің ырғағына мереке дәстүрі бойынша алауды жеті рет айналды. «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебіндегі армян тілінің оқытушысы Рузанна Дегоян «Трндез» мейрамының пайда болуы мен оны тойлау дәстүрі туралы айтып берді.
Кейін мерекенің ең басты шарасы орындалды. Жас жұбайлар қол ұстасып алау үстінен секірді. Ежелгі сенім бойынша, егер секіру кезінде олардың қолдары ажырамаса, олардың махаббаттары баянды, ал отбасылары – берік болады. Бұл күні адам бойына ерекше жаңару мен өміріне береке әкелетін қасиетке ие алау үстінен жасы үлкендер де секірді.
Одан соң армян халқының тағы бір дәстүрі орындалды. Әрбір қалаған адам өз ішінен тілек айтып, бұтаққа қызыл лента байлады. Барлық дұға-тілектер айтылғаннан кейін бұтақ мерекелік алауға тасталды, сенім-наным бойынша оның киелі оты күллі тілеулерді орындауы қажет.
Мерекелік іс-шара дастархан басында жалғасын тапты. Залда музыка ойнап, жас әртістер армян халқының ұлттық әндері мен билерін орындап, көрермендерді қуантты.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд