Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Әр халықтың өз салты мен мейрамы бар. Олар көп ұлтты мемлекетімізде жетерлік. 28 шілдеде Көкшетаудағы «Бари» армян этномәдени орталығы барша жұртты армяндардың ең сүйікті Вардавар мерекесіне шақырды.
Вардавар ыстық жазда өткізіледі. Оның басты дәстүрі – су шашу. Таңертеңнен бастап барлық жастағы адамдар су сайысына белсене араласып, әр жастағы түрлі этнос өкілдері қуанышқа бөленді. Мұның бәрі көтеріңкі көңіл-күймен, ән мен бимен жалғасты. Осы күні су емдік күшке ие болып, теріс әсерден арылтып, табыс пен игілік әкеледі деген де наным-сенім бар.
Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері іс-шараға белсене қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Е. Мащинская мен «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Артеменко бұл мейрам Русь жерінде шоқындыру күнімен тұспа-тұс келгенін атап өтті.
Содан кейін барлық меймандар мерекеге орай жайылған дастархан басына жиналып, ән шырқап, құттықтау мен жылы лебіздерін арнап, әзілдесіп тарқасты.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік