12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік18-21 қараша аралығында Петропавл қаласында ересектер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасы кубогы өтеді. Биылғы жарыс халықаралық дәрежедегі спорт шебері (МСМК) Азамат Нұрпейісовтің құрметіне арналып отыр.
Байрақты бәсекеге еліміздің 19 өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысады. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарының өкілдері бақ сынайды.
Спортшылар үш бөлім бойынша сынға түседі. Олар: К-1, фулл-контакт және лоу-кик.
Жарыстың алдын ала бағдарламасына сәйкес, 18 қарашада қатысушыларды қарсы алу, орналастыру, тіркеу және салмақ өлшеу рәсімдері өткізіледі. Сондай-ақ мандаттық комиссия отырысы өтеді.
19 қарашада төрешілер семинары ұйымдастырылып, алдын ала жекпе-жектер басталады. Осы күні сағат 13:00-де жарыстың ресми ашылу салтанаты өтеді.
20 қарашада жартылай финалдық кездесулер ұйымдастырылады. Ал 21 қарашада финалдық жекпе-жектер өтіп, кешкі уақытта жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады. Жарыстың негізгі бағдарламасы:
Қазақстан кубогы еліміздің үздік кикбоксшыларын бір алаңға жинап, спортшылардың шеберлігін шыңдауға және өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер