Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордада JOLTAP жобасы аясында онлайн сауда жасау негіздері бойынша жаңа тегін курсы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Курс оқытушысы Әлия Ергешпаеваның сөзінше, елордалықтар бұл мамандық түрін төрт күнде меңгере алады. «Бүгінде онлайн сауда жақсы дамып келеді. Адамдар азық-түліктен бастап киім-кешекке дейін тапсырыс беріп, сатып алып жатыр. Мен өзім бұл салаға келмей тұрып, көп жерде жұмыс істеп көрдім. Ал онлайн маркетплейстер туралы осыдан 3 жыл бұрын естідім. Осылайша арнайы оқудан өтіп, кәсіп бастап кеттім. Әрине, бастапқыда кәсібім алға жүріп кеткен жоқ. Ол кезде онлайн сауданың қыр-сырын білетін адамдар аз болды»,- дейді ол. Онлайн сауда негіздеріне үйрететін курста практикалық жұмыстарға аса мән берілмек. Әлия Ергешпаева қазіргі таңда курс қатысушыларын тіркеу жүргізіліп жатқанын айтты.
Бұл курсты таңдаған жандар 4 күн бойы маркетплейсте жұмыс істеу әдістерін үйренеді. Оларға сатушы аккаунтын тіркеу, жарнама және баға белгілеу сияқты пайдалы ақпараттарды ұсынамыз. Курс соңында олар оқыған білімдері бойынша тест тапсырады. Осылайша аз уақыт ішінде тиімді сауда жасауды үйреніп алады, - дейді Әлия Ергешпаева.
Айта кетейік, JOLTAP жобасы аясындағы қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланатын болады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар