23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Jibek Joly туристік пойызымен алғашқы сапарға шыққан саяхатшыларды қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризмді дамыту мен мәдени алмасу мақсатында қолға алынған жаңа маршрут 115 саяхатшыны қабылдады.
Алғашқы рейстің жолаушылары Түркістанда бір күн, Өзбекстан астанасы Ташкентте екі күн өткізеді. Туристерге ыңғайлы болу үшін кәсіби гидтермен экскурсия ұйымдастырылып, жайлы автобустар ұсынылды.
Jibek Joly туристік пойызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, туризмді дамыту стратегиясы аясында іске асырылғанын атап өткен жөн. Жоба жаңа бағыттарды ашуға, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және азаматтар үшін саяхаттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік