22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов суды тазарту жөніндегі шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – «IDE Technologies» израильдік компаниясына барды, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесуде «IDE Technologies» компаниясының вице-президенті Михаел Трэмер қазақстандық дипломатты компанияның суды тұщыландыру қондырғылары мен өнеркәсіптік су тазарту құрылыстарын жобалау, салу және пайдалану жөніндегі мүмкіндіктерімен таныстырды.
С. Бұршақов тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзектілігін атап өтіп, осы саладағы ынтымақтастықтың маңызды әлеуетіне назар аударды. Осы орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманғы технологияларды енгізе отырып, Маңғыстау облысының тұщыландыру кәсіпорындарын жаңғырту жөніндегі жобаларға түйінді мән беретінін хабарлады.
Келіссөздердің жалғасында «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК)» ЖШС делегациясының Израильге сапары ұйымдастырылды. «IDE Technologies» басшылығымен кездесуде тараптар теңіз суын тұщыландыру технологиялары саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты, сондай-ақ тұщыландыру қондырғыларын пайдалану бойынша тәжірибе алмасты. Қазақстандық делегация кері осмос технологиясы бойынша жұмыс істейтін Хадера қаласындағы «IDE Technologies» тұщыландыру кешенінің өндірісімен танысты.
«МАЭК» ЖШС бас директорының орынбасары А. Үйкекбаев израильдік компанияның бұрын сатып алынған тұщыландыру қондырғыларын пайдаланудың оң тәжірибесін атап өтті. Өз кезегінде израильдік компания Маңғыстау облысы әкімдігінің жобасы бойынша халықтың мұқтаждықтары үшін қуаттылығы тәулігіне 24 мың м3 ауыз су тұщыландыру жабдығын жеткізуді ұйымдастыруға ниет білдірді.
Айта кетерлігі, 2007 жылы «IDE Technologies» компаниясы «МАЭК» ЖШС аумағында қуаты тәулігіне 12 мың м3 болатын екі тұщыландыру қондырғысын пайдалануға берді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев