28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарГаза секторындағы үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Израиль әскерінің шабуылдары салдарынан қаза тапқандардың 65 пайызын әйелдер, балалар және қарт адамдар құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кей мәліметтерде Израиль армиясының Газадағы тұрғындарды әдейі көздеп, жүйелі геноцид жүргізіп жатқаны ерекше атап өтілген. Деректерге сүйенсек, қақтығыстар басталғалы бері 18 мыңнан астам бала мен 12,4 мыңнан астам әйел қаза тапқан.
Сонымен қатар, Израиль әскері жасаған соққылар нәтижесінде 2 180 отбасы толығымен жойылып, 5 070 отбасында тек бір ғана адам аман қалған.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қаза тапқандардың арасында 1 400-ден астам медицина қызметкері, 113 азаматтық қорғаныс қызметкері, 212 журналист, 750-ден астам гуманитарлық ұйым қызметкері, 13 мың студент, 800 мұғалім мен білім саласының қызметкері, сондай-ақ 150 университет оқытушысы мен ғалым бар.
Мәлімдемеде бұл деректердің азаматтық халыққа бағытталған жүйелі шабуылдарды айғақтайтыны атап өтілген.
Газа үкіметі халықаралық қауымдастық пен сот органдарын Израильдің әрекеттерін дереу айыптауға және азаматтық тұлғаларға қарсы жасалған қылмыстар үшін оның басшылығын жауапкершілікке тартуға шақырды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?