29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыИзраиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, Песах мейрамы қарсаңында Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.
Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Израильдің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады. Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымының көлемі арта бастағаны атап өтілді. Сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңыздылығы айтылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек