Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2024 жылғы наурыздан бері 139 әскери қызметшілер мен 26 бірлік әскери техникадан тұратын Ұлттық контингент Голан биіктігінде бітімгершілік миссиясын атқарып жүр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Голан биіктігіндегі миссияның мақсаттары Израиль мен Сирия арасындағы татулықты қолдау, сондай-ақ Израиль мен Сирия әскерлерінің бөлінуін бақылау мен қадағалау болып табылады.
БҰҰ Қазақстанның аталған миссияға қатысқаны үшін жылына шамамен 5 млн АҚШ доллар құрайтын төлемдерді жасайтының атап өту қажет. Оның ішінде шамамен 2,4 млн АҚШ доллары – жеке құрам төлемі, қалған 2,6 млн АҚШ доллары – техниканы, қару-жарақ пен мүлікті жалға алғаны үшін. Бұл ретте, әр бітімгер әскери қызметшіге айына 1448 АҚШ долларын құрайтын мөлшерлеме бекітілген, - дейді Қорғаныс министрінің орынбасары.
«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Заңға сәйкес мемлекеттің бітімгершілік операцияға шығынын өтеу тәртібінде БҰҰ бөлінетін қаражат республикалық бюджет кірісіне түседі.
БҰҰ-мен қаржылық мәселелерді реттеу мақсатында Меморандумға қосымша келісім жасалынды. Жобаны БҰҰ Хатшылығымен келісу 9 ай алды және 2024 жылдың соңында қол қойылды. Келісім БҰҰ-дан түсетін төлемді екі банктік шотқа бөлуді көздейді. Осылайша, персонал үшін ақшаны әскери қызметшілер алады, ал мүлік үшін ақша мемлекеттік бюджетке түседі. Қаралып жатқан халықаралық шарттар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарынан өзгеше қағидаларды белгілейді, сондықтан олар ратификациялануға жатады, - дейді ол.
Бірікен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысу арқылы халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға Қазақстанның қосатын үлесі мемлекетіміздің беделін арттырады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары