18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы әскери әрекеттерді тоқтатып, қамауға алынған палестиналық азаматтарды израильдік тұтқындармен алмастыру туралы шешімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар арада 15 ай өткенде мәмілеге келді, Газа секторында соғыс тоқтайтын болды. Катардың премьер-министрі Мұхаммед бин Абдель Рахман Әл-Танидың сөзінше, егер Израильдің министрлер кабинеті құптаса, келісім жексенбі күні күшіне енеді.
Тұтқында отырған палестиналықтардың отбасылары бұл жаңалықты қуанышпен қарсы алды, дегенмен дәл қазір Газа секторындағы атыс толастаған жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, Израиль оккупациясына наразы «хамастықтар» 2023 жылы қазанның 7-де Израильдің оңтүстігіне басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, 250-ін кепілге алды. Содан кейін Израиль армиясының Газаға шабуылдары басталып, 46 мыңнан астам палестиналық мерт болды. Анклавтың басым бөлігі жермен-жексен болып, жергілікті 2,3 миллион халықтың 90 пайыздан астамы үйлерін тастап кеткен.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр