22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАмерикалық барлау қызметі Израильдің Иранға шабуылға дайындалуына небәрі жеті сағат қажет екенін есептеп шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы The New York Times (NYT) басылымы жазды.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығысқа сапары алдында Израиль шенеуніктері Вашингтонға Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауға дайын екендерін ескерткен. Израиль Иранның уран байытуын толықтай тоқтатып, барлық ядролық нысандарды жоюды талап етіп отыр. Израиль тарапы Трамптың Иран ядролық бағдарламасы бойынша келісім жасасу ниеті Тегеранға ядролық нысандарды сақтап қалуға мүмкіндік беруі мүмкін деп алаңдайды.
Бұған дейін, Axios порталы хабарлағандай, Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерге кедергі келтіретін кез келген әрекеттерден бас тартуды өтінген.
Айта кетейік, 23 мамырда Италия астанасы Римде Иран мен АҚШ өкілдері Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің бесінші кезеңін өткізді. Бұл келіссөздерде араағайын рөлін Оман атқарды. Оманның Сыртқы істер министрі Бадр аль-Бусаиди келіссөздер қорытындысы бойынша «нақты, бірақ әлі түбегейлі емес прогресс» барын хабарлады. Ал Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арагчи Тегеран мен Вашингтонның алдағы бір-екі кездесуде оң нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отырғанын мәлімдеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев