Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Эдвин Натан Ябо Глусманды Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрдің орынбасары Қазақстан мен Израиль арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Э.Глусманға ризашылығын білдірді. Өз кезегінде израильдік дипломат Қазақстанда жинаған тәжірибесін ерекше атап өтіп, достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды.
Сонымен қатар тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қазіргі ахуалы мен кеңейту жолдарын талқылады.
Кездесу соңында Израиль Елшісіне премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан алғыс хат табысталды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар