Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Оператор РОП» ЖШС бойынша іздеуде жүрген Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды. Бұл туралы Антикор мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Миллиардтаған қаржыны ұрлаған “ӨКМ Операторының” басшылары сотталды
Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды, - делінген Антикор ақпаратында.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асыруда.
Айта кетейік, Шынар Мұқтарова 2015 жылы 30 қарашада құрылған «Оператор РОП» ЖШС құрылтайшыларының бірі. Бейресми дереккөздерінде Әлия Назарбаеваның үй қызметшісі ретінде айтылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?