23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда 6 желтоқсанда 20 жастағы жас ана сәбиін алып, үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол ата-анасымен бірге тұратын үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған. Оны іздестіру туралы Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны полицияға хабарлаған. Хабар түсе салысымен көлік полицейлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, жедел әрекетке кірісті.
7 желтоқсан күні Ақтау қаласы әуежайын патрульдеу кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғалған әйел мен оның сәбиін анықтады. Екеуі де аман-есен табылып, жеке басы тексерілгеннен кейін ата-анасының қолына тапсырылды.
Жас ананың ата-анасы көлік полицейлеріне дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Қырағылық танытқан сақшылардың жедел әрекеті арқасында жас ана мен сәбиінің жағдайы жақсы.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады