6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағанды облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев бір жылға жуық уақыттан кейін ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұрынғы шенді полицейдің ұсталуына қатысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.
Жедел тергеу амалдарының нәтижесінде іздеуде жүрген К. ұсталды. Ол теріс себептермен 2023 жылы Қарағанды облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, Рустам Құлкеев қылмыстық іс кезінде тәркіленген майнингке арналған құрылғыларды ұрлады деген күдікке ілінген. Бұрынғы полиция бастығына қатысты "Ұрлық" және "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" баптары бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі