Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіт табылмай жатыр. Оның бірі балық аулауға, екіншісі мал жаюға кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғалғандардың біреуі Жылыой ауданының, екіншісі Махамбет ауданының тұрғыны екені анықталып отыр.
Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылының 1991 жылғы туған тұрғыны кешкі сағат 19:30 шамасында Жем өзеніне балық аулауға шыққан. Ол жеке қайығымен кеткен. Ал, Махамбет ауданының Ақжайық ауылында тұратын 26 жастағы жігіт «Манаш» шаруа қожалығының шаруашылығы орналасқан бағытқа қарай мал айдап шыққан. Жігіттердің екеуі де үйіне кері оралмаған, - деп жазылған хабарламада.
Із-түзсіз жоғалған жігіттерден әлі күнге хабар-ошар болмай тұр. Жоғалған екі жігітті іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
Атырау облысында су тасқыны әлі толастаған жоқ. Осы кезде тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау, алыс жолға жалғыз шықпауды ескертеміз, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?