Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБатыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Грамада» беларусь этномәдени бірлестігі ұйымдастырған кеш көңілді ән-бимен өріліп отырды.
Алдымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов пен белорус бірлестігінің төрағасы Михаил Беляев жиналған қауымға игі лебіздерін арнады.
Олар «Иван Купала» мейрамы елдегі тұтастық пен халықтар достығын айшықтайтын мейрам екенін атап өтті. Мәдение шарада өнер көрсеткен Бәйтерек ауданының Дариян ауылының «Сябры» беларусь фольклорының шығармашылық ұжымы этномәдени бірлестікпен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді.
Шамамен XV ғасырдан бастау алатын аталмыш мейрам Шығыс және Батыс славяндарының мерекесі саналады. Бұл күнгі түн сиқырлы қасиеттерге толы, ең қуатты түн саналған. От, су және шөпті басты күштер деп білген.
Оттан секіріп ойнаған адамдар осылайша тың күш-қуат аламыз деген сенімде болған. Қыздар дала гүлдерінен жасаған тәжді суға ағызып, тағдырына болжам жасаған және өсімдіктердің сиқырлы күші болады деп сенген. Әсіресе, дәл осы күні қырыққұлақ (папоротник) гүлін алғаш тауып, үзіп алған адам бай және ерекше күшке ие болады деп ойлаған.
Саябақтағы мерекелік шара барысында да «Иван Купаланың» дәстүріне сай ойындар ұйымдастырылып, әннен шашу шашылды. Қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылып, шебер жандардың туындылары көрермендерді тәнті етті.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік