Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыIV қысқы Жастар спорт ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында IV қысқы Жастар спорт ойындарының қорытындысы шығарылып, кешенді жарыста жақсы нәтиже көрсеткен өңірлер марапатталды.
Жалпы есепте Алматы қаласы топ жарды. Ал 2-орынға ШҚО тұрақтаса, Астана қаласының командасы үштікті түйіндеді.
Осыдан 2 бұрын басталған кешенді жарыста 11 спорт түрінен үздіктер анықталды. Олар: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру.
Биылғы бәсекеден соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрама командалары жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшыларды анықталады.
Сондай-ақ 2026 жылғы Миландағы (Италия) олимпия ойындарына сапалы дайындық жүргізуге қатысатын мықты спортшылар іріктеледі.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек