Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Италияда баскетбол жанкүйерлерінің қақтығысы адам өлімімен аяқталды. Sky News таратқан мәліметке сүйенсек, «Пистоя» командасының жанкүйерлерін тасымалдаған автобустың 65 жастағы жүргізушісі қарсы тараптың шабуылынан көз жұмған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қайғылы оқиға «Пистояның» сырт алаңда «Риетиді» 88:73 есебімен жеңгеннен кейін болған. Команда қалаға қайтып келе жатқан сәтте қарсы клубтың жанкүйерлері автобусты тас және кірпішпен атқылаған.
Тастардың бірі әйнекті жарып өтіп, екінші жүргізушіге тиген. Ер адам ауыр жарақат алып, қайтыс болған.
Қаза болған жүргізуші соңғы бірнеше ай бойы «Пистоя» жанкүйерлерін тасымалдаумен айналысқан көлік компаниясында жұмыс істеген.
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони бұл оқиғаны «қорқақ әрі қылмыстық әрекет» деп атап, кінәлілердің міндетті түрде жазаланатынын айтты.
Айта кетейік, «Пистоя» А2 сериясының турнир кестесінде бесінші орында, ал «Риети» алтыншы орында тұр.
Бүгiн, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай