6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2025 жылы 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің 57 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысатын ірі студенттік бәсекеде 11 спорт түрінен 96 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Биыл алғаш рет екі жаңа спорт түрі енгізілген: пара тау шаңғысы және пара шаңғы жарыстары. Универсиадада Қазақстан намысын 103 спортшы қорғамақ, олар ұлттық және жастар құрамаларының мүшелері.
Қатысушыларды осы жылы Оқу-ағарту министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы" РМҚК іріктеген. FISU ережелеріне сәйкес, барлық қатысушы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 17 жаста болуы және 25 жастан аспауы керек.
Сонымен қатар олар өздері намысын қорғайтын елдің азаматы болып, жоғары оқу орнында білім алуы шарт.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі