29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыИталияның оңтүстігінде теңіз жағасында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Апат салдарынан кем дегенде 58 адам, соның ішінде жаңа туған нәресте қаза болғаны айтылуда.
Қайық Калабрия жағалауындағы теңіз курорты – Стеккато-Ди-Кутро маңында суға кеткен. Италия билігі теңіз бен оның жағасында ауқымды іздестіру-құтқару операциясына кірісті.
Қазіргі таңда 80 адам құтқарылды. Олар қайық батқан соң жағалауға дейін жүзіп жеткен, - делінген теңіз күзеті таратқан хабарламада.
Бортында жүздеген адам мінген қайық жағалауға жетіп, жолаушыларын түсіргелі жатқан кезде батып кеткен.
Өрт сөндірушілер мен апат қызметі гидроциклдердің көмегімен тірі қалған жандарды іздестіріп жатыр. Бірақ ауа райының нашарлауы іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде.
Adnkronos ақпарат агенттігі борттағы жолаушылар Иран, Ауғанстан, Сомали мен Пәкістан елдерінің азаматтары болғанын мәлім етті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек