2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгін Қазақстан мамандарын даярлау үшін жеке меншік IT-мектептерден 3 мың ваучер алу үшін өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды EL.KZ.
Бұл ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі іске қосқан Tech Orda ІТ-мамандықтарын оқытуды қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде мүмкін болады.
Tech Orda бағдарламасы Үкіметтің алдына 2025 жылға дейін кемінде 100 мың білікті IT-кадр дайындау міндеті қойылған ҚР Президентінің 2021 жылғы Жолдауын орындау шеңберінде іске асырылуда.
Tech Orda бағдарламасы алғашқы легінің қорытындысы бойынша 2021 жылы 13 жеке IT-мектеп қаржыландырылып, 100 студентті оқудан өтті. Әр студентке қаржыландыру сомасы 600 мың теңгені құрады.
Биыл IT-мамандықтарды оқыту үшін осындай соманы 3 мың қазақстандық ала алады. 2025 жылға дейін Tech Orda бағдарламасы бойынша IT-мектептерде 20 мың студентті оқыту жоспарлануда.
Tech Orda бағдарламасының арқасында қазақстандықтардың жеке бағдарламалау мектептерінде сапалы тегін IT-білім алуға бірегей мүмкіндігі бар. Бізге IT-таланттарды дамытып, қазақстандық инновациялар секторын күшейту қажет. Елімізге креативті, ынталы мамандар қажет. Бағдарламаны іске асыру болашақта сапалы жобалар түрінде мультипликативті әсер етеді, - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Бағдарламаға қатысу үшін IT-мектептер:
Tech Orda бағдарламасына қатысу бойынша қосымша ақпаратпен технопарктің ресми сайтында танысуға болады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс