7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстандағы IT саласында жалақы өсімі баяулағанымен, білікті мамандарға сұраныс әлі де жоғары. Әсіресе ақпараттық қауіпсіздік, DevSecOps және жасанды интеллект бағытындағы тәжірибелі мамандардың құны артып келеді. Бұл туралы Астанада таныстырылған IT еңбек нарығының жыл сайынғы зерттеуінде айтылды.
Зерттеуді People Consulting компаниясы жүргізген. Биыл оған 24 IT компаниясы қатысып, 68 түрлі IT мамандығы бойынша 7 300-ден астам жалақыға талдау жасалды. Айта кетерлігі, қатысушы компаниялардың жартысы бұл зерттеуге алғаш рет қосылған.
Зерттеудің басты ерекшелігі – барлық дерек тікелей компаниялардың өзінен алынған. Яғни талдау бос жұмыс орындары немесе үміткерлер арасында жүргізілген сауалнамаларға емес, қызметкерлерге нақты төленіп отырған жалақы мәліметтеріне негізделген.
People Consulting компаниясының HR консалтинг бағытының серіктесі Александр Прокопенконың айтуынша, соңғы жылдары IT саласында жоғары жалақы арқылы маман тарту үрдісі бәсеңдей бастаған.
Оның орнына қызметкерлер үшін қызықты жобаларға қатысу, заманауи технологиялармен жұмыс істеу және кәсіби инженерлік мәдениет маңызды факторға айналып келеді, – дейді ол.
Кімдердің жалақысы өскен?
Сонымен бірге зерттеу сирек кездесетін кәсіби дағдыларға ие мамандарға сұраныс әлі де жоғары екенін көрсетті. Ал кең таралған бағыттардағы мамандықтар біртіндеп тұрақтанып, автоматтандыру кезеңіне көшіп жатыр.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, жалақысы ең көп өскен мамандықтардың қатарында PHP әзірлеушілері, DevSecOps инженерлері, ақпараттық қауіпсіздік мамандары және корпоративтік шешімдер архитекторлары бар.
Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін барлық мамандардың емес, тәжірибесі мол әрі жоғары білікті сарапшылардың табысы арта береді. Бұған негізгі себеп – мұндай мамандардың еңбек нарығында әлі де аз болуы.
Өңірлер арасындағы жалақы айырмашылығы азаюда
Кездесу барысында Sergek Group компаниясының HR директоры Жыпар Саттарова Vibe Coding тәсілінің компаниядағы грейдтеу жүйесі мен HR-аналитикада қолданылуы туралы айтты. Оның сөзінше, AI құралдары кадрлық шешімдерді қабылдау тәсілін едәуір өзгертіп жатыр.
Грейдтеу жүйесіндегі ең күрделі кезең – қызметкерлерге деңгей беру емес, компаниядағы функциялар мен рөлдерді жан-жақты талдау. Бұрын бұл ұзақ уақытты, көптеген Excel кестелерін және қолмен жүргізілетін талдауды талап ететін. Қазір AI мен Vibe Coding функционалдық, семантикалық және ұйымдық талдауды әлдеқайда жылдам әрі терең жүргізуге мүмкіндік береді. Соның арқасында C&B мамандары тек грейдтеу жүйесін қалыптастырып қана қоймай, бизнеске нақты жағдайды көріп, басқарушылық шешімдерді дәл қабылдауға көмектеседі, – деді Жыпар Саттарова.
Сондай-ақ жиында өңірлер арасындағы жалақы айырмашылығы біртіндеп азайып келе жатқаны айтылды. Бұған қоса банк секторы, телекоммуникация және өнімдік IT компанияларындағы еңбекақы деңгейі бір-біріне жақындай түскені байқалады. Соған қарамастан әр саланың мамандарды тарту және оларды компанияда ұстап қалу стратегиясы өз ерекшелігін сақтап отыр.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?