Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыIT-Aiel бағдарламасымен қалай жұмысқа орналасуға болады? Бұл туралы Astana Hub білім беру бағдарламалар офисінің директоры Дәулет Беймурзинов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтің сұрақ-жауап бөлімінде журналист «IT-Aiel бағдарламасымен оқып, сертификат алған әйелдерді әрі қарай жұмысқа орналастыру қарастырылған ба?» деген сұрағын жолдады.
Оқи отырыңыз:
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – жұмыссыз әйелдерді фриланс нарығына шығару. Жалпы кез келген қатысушы өзіне лайық тапсырыстарды тауып, ақша таба алады. Бұл – бірінші жолы. Екіншіден, Astana Hub аясында бізде көптеген стартап бар. Егер қатысушылар белгілі бір деңгейге жететін болса, онда олар стартаптардың аясында жұмыс істей алады, - деп жауап берді Дәулет Беймурзинов.
Сондай-ақ Astana Hub білім беру бағдарламалар офисінің директоры IT-Aiel бағдарламасына халықаралық EPAM компаниясы қолдау білдіріп жатқанын айтты. Оған қоса ол алдағы уақытта IT-Aiel бағдарламасына көптеген ұсыныс түседі деген ойда екенін жеткізді.
Бұған дейін аталған бағдарламаға қатысуға 2307 әйел өтініш бергені туралы жазғанбыз.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар