22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыИспаниялық журналист Карлос де Баррон гуманитарлық Global Sumud Flotilla миссиясына қатысып, Газа секторына көмек жеткізбек болған. Бірақ кеме Израиль әскері тарапынан күштеп тоқтатылып, онда болғандар қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, әскери қызметкерлер гуманитарлық топ мүшелерін «террористер» деп атап, қатал жағдайда ұстаған. Әскерилердің алғашқы күннен-ақ моральдық қысым жасап, қорлағанын журналист ашық баяндады. Баррон бірнеше күн бойы түрмеде ауыр жағдайда отырған. Ол өзіне де, басқа тұтқындарға да ұрып-соғу, психологиялық қысым, ұйқыдан айыру сияқты тәсілдер қолданылғанын айтты.
Ең ауыр жайттардың бірі - тұтқындарға қажетті медициналық көмектің көрсетілмеуі болып отыр. Диабет, астма сияқты созылмалы ауруы бар адамдар дәрі-дәрмексіз қалған. Бұл олардың денсаулығына қатты қауіп төндірген көрінеді.
Журналист өз басынан өткерген тәжірибесін айтып, бұл жағдайдың палестиналық тұтқындарға жасалатын азаптаулардан бірнеше есе жеңілірек екенін меңзеді.
Егер бізге, батыстық азаматтарға осылай қараса, онда палестиналықтардың жағдайы тіпті қорқынышты, - деді ол.
Ол сондай-ақ түрме ішінде тұтқындарды үнемі бақылап, кез келген қарсылықты басып-жаншу әрекеттері болғанын жеткізді. Тіпті күнделікті қажеттіліктердің өзі шектеулі түрде берілген. Карлос де Баррон Израиль билігінің бұл әрекетін халықаралық құқық пен гуманитарлық нормаларға қайшы деп атап өтті. Оның айтуынша, әлемдік қауымдастық мұндай оқиғаларға көз жұмып қарамауы тиіс.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев