6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерИспанияның Ұлттық полициясы Аликанте провинциясында Венгрия билігі 15 тармақ бойынша айып таққан қылмыскерді ұстады. Оған алаяқтық және құжаттарды қолдан жасау баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Полицияның мәлімдеуінше, күдіктіге 22 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Ол Еуропалық полиция агенттігі (Europol) жасаған ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енген.
Тергеу деректеріне сүйенсек, 2019 жылы ол қымбат материалдар мен тауарларды тасымалдаумен айналысатын логистикалық компания құрған. Бірақ күдікті бұл заттарды заңсыз иемденіп, кейінірек сату арқылы пайда тапқан. Полицияның бағалауынша, келтірілген экономикалық шығын 1,2 миллион еуроны құрайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі