Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Испания Жоғарғы соты бұрынғы министр әрі депутат Хосе Луис Абалос пен оның экс-кеңесшісі Кольдо Гарсияны заңсыз табыс көзіне байланысты күдікпен тергеуге шақырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Абалос 15 қазанда, ал Кольдо 16 қазанда жауап бермек. Guardia Civil-дің арнайы есебінде Абалос шамамен 95 мың еуро көлемінде жарияланбаған кірістерге ие болғаны айтылған.
Сонымен қатар, Кольдо Гарсия мен оның зайыбы бұрынғы министрдің жеке шығындарын - ипотека төлемдері, үй қызметшісінің жалақысы, сапарлар мен сыйлықтарды - үнемі өтеп отырғаны анықталды. Алайда бұл төлемдерге сәйкес банк шоттарынан қайтарым қаражат табылмаған.
Сот құжатында бұл жағдай олардың арасында «ашық емес қаржылық байланыстар» бар екенін көрсетеді. Тергеу COVID-19 пандемиясы кезінде медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу ісіндегі заңсыздықтар мен мемлекеттік тендерлердегі ықтимал бұрмалаушылықтарға байланысты жүргізіліп жатыр.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік