30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЭр-Рияд қаласында One Nation – Бір ұлт ұранымен өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындары өз мәресіне жетті. Жарысқа 57 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан құрамасы 16 спорт түрінен өнер көрсетті: жеңіл атлетика, киберспорт, семсерлесу, гандбол, джиу-джитсу, дзюдо, карате, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, ауыр атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, ушу және муай-тай.
Ал бокс, волейбол, ат спорты, 3х3 баскетбол, футзал, дуатлон, түйе жарысы сынды спорт түрлері белгілі себептерге байланысты жарысқа қатыстырылған жоқ.
Отандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында барлығы 56 медаль жеңіп алды: 15 алтын, 20 күміс және 21 қола. Бұл нәтиже ұлттық құраманың жоғары дайындығын және халықаралық аренадағы тұрақты дамуын көрсетеді.
Ойындардың маңызды сәттері:
Бірқатар спорт түрінде алғаш рет ел қоржынына алтын медаль түсті. Атап айтсақ, дзюдо (Аруна Жангельдина), үстел теннисі (Кирилл Герасименко мен ерлер командасы), муай-тай (Тұрар Дүйсехан), семсерлесу (ерлер командасы) және джиу-джитсуда (үш алтын) отандастарымыз үздік шықты.
Спорттағы реванш. Үстел теннисінен Кирилл Герасименко финалда Париж Олимпиадасының 1/8 финалында есе жіберген Омар Мұхаммед Асардан басым түсті. Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Ахмед Тажудиновты (Бахрейн) ойсырата жеңді.
Гандбол, джиу-джитсу, муай-тай, ушу және семсерлесуде алғаш рет медаль жеңіп алдық.
Отандық спортшылар көптеген жарыс түрінде өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, финалдық кезеңдерге сенімді шығып, үздік ондыққа енді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды