23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Екі спортшының жекпе-жегі турнирдің басты айқасы болды. 34 жастағы Махачев бұл салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғады. Ал Мачадо Гэрри жекпе-жекке дивизионның бірінші нөмірлі үміткері ретінде шықты.
Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек толық қашықтыққа созылды. Екінші раундта Махачев қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан ресейлік спортшының жеңісін тіркеді - 49:46, 49:46, 48:47.
Осылайша Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын сәтті қорғап, қатарынан 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл — UFC тарихындағы ең ұзақ жеңісті серия. Бұған дейінгі рекорд бразилиялық Андерсон Силваға тиесілі еді — ол қатарынан 16 жекпе-жекте жеңіске жеткен.
Махачевтің кәсіпқой ММА-дегі жалпы көрсеткіші - 29 жеңіс, 1 жеңіліс. Ол бұған дейін UFC-дің жеңіл салмақтағы (70,3 кг дейін) чемпионы атанған.
Ал Иэн Мачадо Гэрри кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Ирландиялық спортшыға алғашқы жеңілісті қазақстандық Шавкат Рахмонов келтірген еді. 28 жастағы Гэрридің еншісінде 17 жеңіс бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік