23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?OPEC халықаралық даму қоры ұйымдастырған форумда премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Араб координациялық тобына кіретін ислам даму институттарымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам даму банкі арасындағы негіздемелік бағдарламалық келісімге қол қойды.
Келісім биыл су шаруашылығы және көлік салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестициялар тарту туралы бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді бекітті. Осы мақсатта Ислам даму банкі $2 млрд дейін қаржы бөледі.
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл қаржыландыруға дайын 16 жобаны дайындады. Олардың ішінде су қоймаларын, бөгеттерді, ирригациялық каналдарды, контрреттеушілерді және ілеспе инфрақұрылымды салу және реконструкциялау жобалары бар. Көлік министрлігі ұзындығы 500 шақырымнан астам республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша 4 жобаны ұсынды.
Келісім табысты іске асыру және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлескен жобалардың орындалу барысына тұрақты консультациялар мен мониторинг жүргізуді көздейді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік